«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «ІТ школа-лицей села Талапкер отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    


«    Қыркүйек 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Талапкер ауылының IT мектеп-лицейінде Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті

05.09.2024

5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінде "Тілдер фестивалі - 2024" атты онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

 Мереке таңертең қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестік мұғалімдерінің оқушылар мен ұстаздарды әуелеген ән, ыстық бауырсақпен қарсы алуынан басталды. Ата-аналар Тілдер мерекесіне арнап ыстық лебіздерін жеткізді.

 Ал мерекенің ашылу салтанатында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестік жетекшілері онкүндіктің мақсатымен, өтілетін іс-шара барысымен таныстырды. Іс-шара барысында мектеп директоры Шакирова Бахыт Маратқызы сөз алып, оқушылар мен ұстаздарды Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады. Сонымен бірге жиында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдерді мәнерлеп оқыса, 7-сынып оқушысы Ускенбаева Қарақат қазақ халқының «Ерке сылқым» күйін күмбірлете орындады. Ал   5 сынып оқушысы Ерлан Акнур орыс тілінде «Учат в школе» әнін әуелетті.

Просмотров: 44


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст