Талапкер ауылының IT мектеп-лицейі
2024-2025 оқу жылындағы математика пәні бірлестігінің 11.11-22.11 күндер аралығында өткен «Әлем-нақты ғылым тілінде сөйлейді» атты тақырыбындағы онкүндік есебі
Мақсаты:
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын, оқып үйренудегі белсенділігін арттыру;
Логикалық, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру;
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың білім, білік дағдыларын көрсететін жұмыстардың біріне пән онкүндіктерін өткізу жатады. Пән онкүндік кестесі мектепішілік әдістемелік кеңес отырысында құрылды және осы оқу жылында ауқымды іс-шараларды қамту мақсатында пән онкүндіктерін өткізу жоспары жылдың басында жасалынды.
Мектебімізде 11.11-21.11 күндер аралығында өткізілген «Әлем-нақты ғылым тілінде сөйлейді »атты математика пәні онкүндігі болып өтті. Онкүндік жоспары алдын ала құрылып, бекітілді. Апталықты бірлестік мүшелері бірлесіп ашты. Бірлестіктегі барлық мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, зияткерлік ойындар өткізді. Мектебімізге биыл ғана келген жас мамандарда қалыс қалмады. Оларда ашық сабақтар және сыныптан тыс әр түрлі іс шараларды өткізді.
1.Онкүндіктің ашылуы 1-11 сыныптар аралығында
«Кубик-рубик» сайыс болып өтті. ӘБ мұғалімдері Рахимбекова Г.С Серикбаева А. Е өткізді . 5-7 сыныптар аралығында
2.«Рационал сандарды бөлу» ашық сабақ 6 в
«Квадрат теңдеу» ашық саба. 8 ә сынып Айхожаева Г
«Цифрлық әлемге кемел біліммен » шебер сынып. Мұхтар А.Қ өткізді
3.«Жай бөлшектерді қосу және азайту » ашық сабақ Серикбаева А. Е 5б сынып
«Арифметическая прогрессия» ашық сабақ Бибакирова Р.Ш 9в сынып
Сайыс сабақ Байжұма С өткізді
4.«Сложение и вычитание обыкновенных дробей » ашық сабақ 5 г сынып
« Рационал сандарды бөлу» ашық сабақ 6а сынып
«Сиқырлы төртбұрыштар» сайыс сабақ 8 сыныптар арасында
Онкүндік жоғар деңгейде өтті. Онкүндіктің жабылуында белсене қатысқан сыныптар мен зиаткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: Айхожаева Г.Ж