«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «ІТ школа-лицей села Талапкер отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    


«    Сәуір 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Жаратылыстану әлемінде» атты он күндігінің аясында өткен іс шаралардың АҚПАРАТЫ

Талапкер ауылының IT  мектеп-лицейі

Жаратылыстану пәндері  бірлестігінің

«Жаратылыстану әлемінде»

атты он күндігінің аясында өткен іс шаралардың

АҚПАРАТЫ

Мақсаты: Химия, физика, биология, география,  сабақтарында және сабақтан тыс шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

10.02.2025ж Жаратылыстану пәндері  бірлестігінің « Жаратылыстану әлемінде» атты он күндігінің ашылу салтанаты өтті. Таңғы сағат 7.30 мектеп дәлізінде оқушыларға арналған әр түрлі ойындар ойнатылды. Ойынға белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлар таратылды. 8.35 мектептің спорт залында салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы болып, оқушыларға және ұстаздарға онкүндік жоспары таныстырылды.

  

11.02.2025ж күні 8 «Ә» сыныпта «Кристалдық тор түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Боксенова Ардак Габитовна. Ашық сабақ барысында оқушылар арасында Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Досқа тілек» әдісі қолданылды. Үй тапсырмасына пысықтау кезінде  «Wordwall» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталанды. Оқушылар өз ойымен бөлісті.

 Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде, «Пазл» әдісімен сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Тәжірибиелік жұмыс ретінде жұптық жұмыс және жеке жұмыстар берілді. Оқушылар топтық жұмыс кезінде әр түрлі кристалл тор молекулаларының модельдерін жасады.

     Тақырыпты бекіту кезінде оқушылар берілген сілтемеге өтіп, qr код арқылы тапсырма беріліп, уақытылы жауап берді. Оқушылар тапсырмаларды берілген уақытта орындап, кері байланыс беріліп отырды.

 

 

12.02.2025ж.  Физика пәнінен 9 «В» сыныбында «Колебания  математического и пружинного маятников» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 Сабақ барысында оқушылар практикалық жұмыстар жасап өз білімдерін өмірде қолдана білуді үйренді. Топтық, жұптық жұмыстарға оқушылар белсене қатысты. «Қар лақтыру» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталап, еске түсірід, жаңа тақырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында өмірмен байланысты мысалдар, видео көрсетілімдер қолданыла отырып түсіндірілді Сабақ өте қызықты өтті. Ашық сабаққа әр түрлі пән мұғалімдері қатысып, жақсы пікірлер айтты.   Аптаның әр  күні  үлкен үзілісте мектебімізде «Жаратылыстану әлемінде» он күндігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында қоңырау уақытында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: үзіліс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалануға, әр түрлі ойындар арқылы  сыйластыққа, ынтымақтастыққа, достық қарым -қатынаста болу.

12.02.2025 ж Химия пәні мұғалімі Жарбол А.Т 7 «Б» сыныбында «Химия әлемінде» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізді.

   14.02.2025 ж. География пәнінен «Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе» тақырыбында 10 «Ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Сейіл Камшат Елтайқызы. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабаққа қатысқан ұстаздар, жас мамандар әр түрлі әдіс-тәсілдер мен тәжірибе алмасты.

     18.02.2025ж ”*Жаратылыстану әлемінде”*атты онкүндік аясында жас мамандармен “Жаңашыл мұғалім: Рон Кларктың әдістері мен бүгінгі білім беру “ тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Өткізген педагог-зерттеуші Сейіл Камшат.

14.02.2025 ж. География пәнінен «Энергия түрлері мен көздері» тақырыбында 6«б» сыныбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Мансурова С.Ш

19.02.2025 ж  Биология пәнінен «Көру мүшелерінің құрылысы гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Абдыманбекова Г.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 21.02.2025ж Жаратылыстану пәндері бірлестігінің онкүндігінің жабылуы мектеп акт залында өтті. Барлық белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

  

Жаңартылған күні: 15.04.2025 15:02
Құрылған күні: 15.04.2025 15:02

Текст