Текст
28.04.2026
Талапкер ауылы IT мектеп- лицейінде “Жас мамандар” апталығы аясында «Шаршаудан-шабытқа» атты мұғалімдерге арналған арт-терапия сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтардың эмоционалдық күйін жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және психологиялық сергіту болды.
Арт-терапия барысында қатысушылар еркін форматта өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізіп, бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатты.
Шара соңында әріптестеріміз өз әсерлерімен бөлісіп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушылар:
Касенова А.М
Капашева А.Д
Мұхтар А.Қ.
Төлеген Д.А.
Тұрман Г.