Текст
09.01.2026
Талапкер ауылының IT мектеп-лицейінің мақтанышы 10-сынып оқушысы Марат Каусар ауыл оқушыларына арналған “Ауыл олимпиадасында” үздік білім көрсетіп, республикалық кезеңнен 2-орын иеленді.
Білімге деген ынтасы мен табандылығының арқасында Каусар үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс — оқушының ғана емес, ұстаздар мен ата-ананың еңбегінің жемісі.
Каусарға жарқын болашақ, білім мен табыс тілейміз!
Жарайсың, Каусар! Биік белестерден көріне бер!