Текст
09.01.2026
🔊🔊🔊🔊Жетістікке толы жаңалық!!
Талапкер ауылының IT мектеп-лицейінің оқушылары республикалық пәндік олимпиадада ағылшын тілі пәні бойынша облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.
10-сынып оқушысы Марат Каусар 2-орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатса, 9-сынып оқушысы Махамбетова Дильназ білім додасына белсене қатысып, грамотамен марапатталды. Оқушыларымыз бірнеше мәрте олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін дәлелдей білді.
Жас зияткерлерімізге шығармашылық табыс, білім жолында биік белестер тілейміз.