Текст
Бүгін Талапкер ауылы ІТмектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, Наурызбаева Динара Бейсенбаевна 3 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен "Қазақ тілінің грамматикасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңа форматта қызықты әрі тартымды болды. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын ашты. Өз кезегінде оқушыларда белсенділік танытып, алған білімдерін ортаға салып, өз пікірлерін ашық айтты.