Текст
Талапкер ауылы IT мектеп лицейінің Бастауыш сынып онкүндігі аясында сәуір айының 7-сі күні 1-2 сынып оқушыларымен”Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар”ақыл-ой зерделі ойыны өткізілді.Ойынға әр сыныптан бір оқушы жалпы 11 оқушы қатысты.
Ойынның мақсаты:
-Оқушылардың білімін тереңдету,ойлау қабілетін дамыту.
-Оқушылардың білімін тексеру.
Ойын барысында оқушылар дұрыс жауапқа ұпай жинап ең көп ұпай жинаған оқушылар жүлделі орындарға ие болды.Апталықтың жабылуында олар марапатталатын болады.