Текст
Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінде 13-ші желтоқсан күні 3"Б" сыныбында Тәуелсіздік күніне орай "Қазақстан Тәуелсіздігі - мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
а)Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.